Русский
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Карагандинская область

КОМПАНИЯНЫҢ ҚОС ҚУАНЫШЫ

КОМПАНИЯНЫҢ ҚОС ҚУАНЫШЫ

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Кәсіподақ ұйымы

Еліміздің егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет болған күні қарсаңында «Казцинк» компаниясында керемет екі жаңалық, екі қуаныш орын алды.
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «ЭXPO» Конгресс-орталығында жеңімпаздарға марапаттарды тапсырған болатын. Сол жиында біздің «Казцинк» компаниясы Президент қолынан республикалық «Парыз» сыйлығының Бас жүлдесін алды.
 «Казцинк» өткен жылы да байқауға қатысқан болатын. 2010 жылы компания «Үздік әлеуметтік-жауапты компания» және «Инновациялық серпіліс» аталымдарын жеңіп алған болатын. 2017 жылы «Казцинктің» Жәйрем кентіндегі бөлімшесі «Жәйрем тау кен-байыту комбинаты» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі үшін сыйлыққа лайық деп танылып,  қола жүлде иегері атанған.
Биыл «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығын жеңіп алды.
Компаниямыздың халыққа жасап отырған, әлеуметтік сала бойынша атқарып отырған еңбектерін халық та аз бағалап жүрген жоқ. Оның ішінде Жәйрем кенті үшін, Жәйрем халқы үшін орасан зор жобалар атқарылуда.     Біздің компания табиғатты қорғау шараларына, еңбекті қорғауға, қалалар мен аудандардың инфрақұрылымын жаңғыртуға қомақты қаржы бөліп келеді. Біздің жұмысымыздың мемлекет пен қоғамның жоғары бағасын алғаны біз үшін жоғары маңызға ие. Елбасы тарапынан болып жатқан оңды көзқарастарға біз өте ризамыз және мақтанамыз.
Мемлекеттік сыйлықтар құтты болсын, казцинктіктер!

 

 

Другие новости