Қазақ
USD 377,99
EUR 426,11
RUB 5,75
Қарағанды облысы

Спартакиада дәстүрге айналады

Спартакиада дәстүрге айналады

Жәйрем кентінде екі ай бойы спортшылардың бастарын бір арнаға тоғыстырған дода 2018 жылдың соңғы күндері өз мәресіне жетті. «Казцинк» компаниясының жанынан құрылған «Жәйрем болашағы» қоғамдық қорына қарасты Спорт федерациясының ашылғанына да біраз уақыт болды.

Осы күнге дейін компания бөлімшелері арасында, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ цехтары арасында кәсіподақ ұйымының ұйымдастырған спорттық шараларына өз үлесін барынша қосып жүрген Спорт федерациясы осыдан екі ай бұрын тұңғыш рет өз алдына, тұңғыш рет жеке дара Жәйрем кенті ішінде І Спартакиадасын бастаған болатын. Спартакиаданың басты мақсаты - кенттегі спортсүйер қауымның басын қосып, салауатты өмір салтын насихаттау және кенттегі спорт мәселесін дамыту болды.

Аталған спартакиадада жергілікті мекемелерден шыққан 13 команда құрамындағы спортшы жандар спорттың тоғыз түрінен бәсекелесті.

Спартакиада басталған сәттен бастап, кентіміздегі қыз-жігіттердің арасында қызу тартыс басталғанын бәріміз де байқадық. Ең бастысы кент тұрғындарының арасында спортқа деген қызығушылық жоғары деңгейде екендігіне көзіміз жетті. Әсіресе жастар арасында спорт бойынша бәсекелестік басым деп нық айтуға негіз де орын алды.

Спартакиаданың жабылу салтанатында жиналған кент тұрғындары мен спортшыларды Жәйрем кенті әкімінің орынбасары Гүлмира Исина, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ тұрақты даму жөніндегі атқарушы директоры Әбілхан Әкімов, кәсіподақ ұйымының төрағасы Мүбәрак Кәрібаев құттықтап, тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған іс-шара бойынша өз ой-пікірлерін, жақсы лебіздерін жеткізіп, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.

Стол теннисі бойынша 3 орын иеленген Энергия цехына 50 000 теңгелік, 2 орын алған қорғасын байыту фабрикасына 75 000 теңгелік, 1 орын алған мектеп пен балабақша ұжымынан құралған «Алаш» командасына 100 000 теңгелік сертификаттар табысталса, кір тасын көтеруден 3 орынды тау-кен көліктер цехы, 2 орынды ғимараттар, қонақ үйлер және жатақханалар кешені, 1  орынды қосалқы көліктер цехы алып, жеңімпаздарға бас аяғы 225 000 теңге сыйақы берілді. Армрестлинг бойынша жүлделі 3 орын алған Энергия цехына          30 000 теңгелік сертификаты берілcе, 2 орын алған қорғасын байыту фабрикасына 45 000 теңге, 1 орын алған «Алаш» командасына 60 000 теңге берілді.  Ерлер арасындағы жеңіл атлетикада 3 орынды тау-кен көліктер цехы алып 30 000 теңге иеленсе, 2  орын мен 45 000 теңгені «Казцветметремонт» ЖШС алды, ал 1 орын мен 60 000 теңге «Ютекс» ЖШС-не бұйырды. Әйелдер арасында жеңіл атлектикада жүлделі 3 орын алған «Алаш» құрама командасына 20 000 теңгелік сертификаты берілсе, 30 000 теңге мен 2  орынды энергия цехы алды. 1 орын мен 40 000 теңгелік сертификат және кубок Басқарма командасына берілді.

Арқан тартыстан 3 орынды ғимараттар, қонақ үйлер және жатақханалар кешені иеленіп, 60 000 теңгелік сертификат алса, 2  орын алған қосалқы көліктер цехына 90 000 теңгелік сертификат табысталды, ал 1  орын мен кубокты жеңіп алған тау-кен көліктер цехына 120 000 теңге сыйақы берілді. Баскетболдан 3 орын алған тау-кен көліктер цехына 100 000 теңгелік сертификат, 2 орын алған қосалқы көліктер цехына   150 000 теңгелік сертификат,  1 орын алған басқарма командасына 200 000 теңгелік сертификат берілді. Ерлер арасындағы волейболдан 3 орын алған темір жол цехына 100 000 теңгелік сертификат берілсе, 2 орын алған «ГРУПП Четыре» ЖШС-не 150 000 теңгелік сертификат, ал 1 орын алған тау-кен көліктер цехына кубок пен 200 000 теңгелік сертификат табысталды. Әйелдер арасындағы волейболда 3 орынды «Балдырған» балабақшасы иеленіп, 80 000 теңгелік сертификат алса, 2  орынды «Алаш» тобы алып, 120 000 теңгелік сертификатқа ие болды, ал 1 орынды және 160 000 теңгелік сертификатты «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқармасы жеңіп алды.  Шағын футболдан 3 орын мен 100 000 теңгелік сертификатты теміржол цехы, 2  орын мен 150 000 теңгелік сертификатты марганец байыту фабрикасы, 1 орын мен кубокты және 200 000 теңгелік сертификатты тау-кен көліктер цехы алды.

Спорт - денсаулық кепілі. Ал сол денсаулықтың тіршілік атаулының қай-қайсысына болсын керектігі, спортта жасқа шектеу қойылмайтынын да айғақтары сөзсіз. Қайсар жүректі, темір білекті, намысшыл жігіттеріміз бен қыздарымызбен қатар қайраттары қара тастай, спорт саласындағы ардагерлер де ешкімнен қалыс қалмағанына да куә болдық. Осы екі айлық додада ерекшеленген спортшыларға бірқатар номинациялар беріліп, 10 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар берілді. 

Олар: «Жүректі волейболшы»-Әйткенов Нүркен (қосалқы көліктер цехы), «Қайраты қара тастай»- Сексембаев Бекзат («Үшқатын» кеніші, «Ең үздік ойыншы»- Құрманғалиев Ержан  («Үшқатын» кеніші, «Желаяқ ару»- Наурызбаева Нұрсұлу («Балдырған» балабақшасы, «Спорт ардагері» - Ақшабаев Байбол (№30 ЖБОМ).

Сонымен қатар, осынау бәйгеге ұжымдарын жұмыстан босатып, екі ай бойы жарысқа түсуге мүмкіндік берген кенттегі барлық мекеме басшыларына алғыс хаттар табысталды.

Кенттегі барлық спортшылардың басын қосқан бұл дода жәйремдік спортшылардың естерінде көпке дейін қалары сөзсіз. Алла амандығын берсе бұл Спартакиада дәстүрге айналмақ. Келесі додалы күндерде кездескенше күн жақсы болсын!

басқа жаңалықтар